Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоғын қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ халқының ұлы перзенті, «Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың елордадағы ескерткішіне гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті. Бұл туралы Ақордның баспасөз қызметі мәлім етті.

 Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда
гүл
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

гүл
Фото: Ақорда

Бүгін – Екінші дүниежүзілік соғыста жау әскерін түпкілікті талқандап, жеңіске жеткен күн. Биыл Жеңіске 80 жыл толды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шаралар аясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

гүл
Фото: Ақорда

Жиынға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Биыл еліміз Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар