Президент Әкімшілігінің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен адал еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтудағы қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, - делінген хабарламада.
Ерлан Қарин мемлекеттік қызметшілерге Президенттің жылы лебізін жеткізіп, марапаттарды табыстады.
Осыған дейін Президент бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстаған болатын.