Президент Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізуге қатысты құжатқа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Осыған дейін Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойған болатын.

Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды.

— Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады. Осыны ескере отырып, заңда жауапкершілік және бақылау қағидаттары бекітілді. Соған сәйкес, меншік иелері мен пайдаланушылар жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезінде өзінің атқаратын рөліне қарай жауап береді. Меншік иелері мен пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, қолдау көрсету міндеттері жүктелген, — делінген құжатта.