Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Президент әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

в
Фото: Ақорда

Президент құттықтауында бұл жеңістің Қазақстан семсерлесу тарихындағы алғашқы әлем чемпиондығы екенін атап өтті.

– Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі – спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі, – делінген құттықтауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғыс айтып, алдағы уақытта да толайым табыс пен жаңа жеңістер тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионы болғаны хабарланды.