Президент Антикордың бұрынғы төрағасына ризашылығын білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Антикордың бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға ризашылығын білдірді. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай желідегі парақшасына жазды.

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады
Фото: Ақорда

- Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді, - делінген жазбада.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылады. Ақорда осы туралы Жарлық мәтінін жариялады.

 

Соңғы жаңалықтар