Президент әрқашан «Кім кінәлі?» сұрағына емес, «Не істеу қажет?» деген сауалға жауап іздейді - Арғынбай Бекбосын

ТАРАЗ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Президент әрқашан «Кім кінәлі?» сұрағына емес, «Не істеу қажет?» деген сауалға жауап іздейді, деп атап өтті жамбылдық журналистика майталманы, жазушы, қоғам қайраткері, бірінші шақыртылымдағы Парламент Сенатының депутаты Арғынбай Бекбосын ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
None
None

- Елбасының «Казахстанская правда» газетінде жарияланған елімізде алғаш рет мерекеленіп отырған ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстанның жаңа дәуірінің бірінші күні» атты мақаласын қызыға оқып шықтым, - деді А. Бекбосын­. - Өткен 20 жылдық тарихымызға көз жүгірте отырып, Елбасының әлем картасында әлі жоқ мемлекетті басқарып, өз мойнына қандай жауапкершілікті алғанын түсінесің. Бүгінде біз ел тұтастығын сақтап қана қоймай, Қазақстанды жаңа белеске көтерген, халықаралық қауымдастыққа танытқан Нұрсұлтан Әбішұлына алғысымызды білдіре аламыз.

«Қазақстан жолы» - жаһандық қауымдастыққа ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық стратегия, экономика, мәдениет, спортта өз жемісін беріп отырған қоғамдық саясат ретінде танылды. Оның өміршеңдігін Лондондағы Олимпиада баршаға паш етті,.

1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы еркін сайлауда көпұлтты Қазақстан халқы өз тағдырын, ел тағдырын Н. Назарбаевқа сеніп тапсырғаны заңдылық.

Қазақстан көшбасшысының беделі арқасында Алматы декларациясы қабылданып, КСРО жойылып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды. Қазірде ТМД-ның үш елі аумағында Кеден одағы жұмыс жасайды.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері туралы ұзақ әңгімелеуге болады, олар - Қазақстанды мекен еткен халықтардың ұлттық өркендеуі, мемлекеттік тілдің нығаюы, халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі,  еліміздің халықаралық беделінің өсуі. Еуропа мен барша әлемді шарпыған дағдарыс кезінде Қазақстанның жетістіктері көз қуантады.

Осыған қарамастан, Елбасы әлемде лайықты орнымызды алу үшін жаңа үлкен міндеттер жүктеп отыр.

Соңғы жаңалықтар