Президент: Арманым – Қазақстанның болашақта толыққанды цифрлы елге айналуы

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатарлық Al Jazeera телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында елімізді цифрландыру мәселесіне тоқталды.

Президент: Арманым – Қазақстанның болашақта толыққанды цифрлы елге айналуы
Фото: видеодан алынған скрин

Al Jazeera: Қазақстан ІТ-индустриясы мен цифрлық инфрақұрылымда жақсы жетістікке жетті. Сіздер 20 мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты желі тарттыңыздар. Астанада орталық құрылды, 2023 жылы ІТ-технологиялар экспорты 280 млн-нан астам долларға артты. Дегенмен әлі де болса мәселелер бар. Қазақстан стартаптар үшін бюрократиялық кедергілерді, кей жағдайда мамандар жетіспеушілігі мен зерттеулерге және әзірлемелерге арналған төмен шығыстарға қатысты мәселелерді қалай шешпек?

– Бұл да күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Бірақ біз бұл бағытта айтарлықтай жетістікке жеттік. Ең алдымен ақылды компьютер жасадық. Ол таяуда ғана танымал шетелдік компаниялармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында Қазақстанға жеткізілді. Осынау аса маңызды істе біздің стратегиялық серіктесіміз болғаны үшін оларға өте ризамыз. Бұған дейін айтқанымдай, біздің басымдығымыз – цифрландыру. Арманым – Қазақстанның болашақта толыққанды цифрлы елге айналуы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ны реформалауға қатысты пайымымен бөліскенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар