Президент Бибісара Асаубаеваны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Фото: Kazchess.kz

– Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді.

Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.

Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.

Айта кетелік Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанған еді.

Соңғы жаңалықтар