Президент асыл тұқымды Ақалтекеден туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген есім берді
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын көрді. Бұл туралы Президент Телерадиокешені мәлім етті.
— Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда құлындаған екі биенің төлін тамашалап, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген есім берді, — делінген хабарламада.
«Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген қазақы тәмсілді келтірген Президент жас арғымақтарға желмен жарысқан жүйрік болуын тіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берген болатын.