Президент Astana Team жас хоккейшілерін жеңісімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Оның сөзінше, Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың сенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті.

— Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді. Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді, — деп жазды ол Telegram-арнасында.

Бұдан бұрын Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум