Президент жарлығымен бірқатар сала мамандары мемлекеттік наградалармен марапатталады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент  бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Фото: Ақорда

Олардың қатарында: 4 еңбек ардагері, 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері, 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері, 6 кәсіпорын басшысы, 3 қоғамдық ұйым өкілі, 7 мемлекеттік қызметкер, 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

«Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін наградталсын», — делінген Жарлықта. 

Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен

  • Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы — Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы
  • Ахметова Айман Рахмеджанқызы — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
  • Әбуева Анаргүл Аманжолқызы — Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы
  • Канкина Құралай Темірболатқызы — Бас прокурордың аға көмекшісі
  • Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы — Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі

«Парасат» орденімен

  • Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы — «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы
  • Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы — Парламент Сенатының депутаты
  • Құспан Айгүл Сайфоллақызы — Парламент Мәжілісінің депутаты
  • Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы — Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК әншісі-әртісі

«Құрмет» орденімен

  • Абиева Раиса Леонидовна — «Абиев А.А.» ШҚ басшысы, Жетісу облысы
  • Ағыбаева Раиса Мұхамедиқызы — Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы
  • Айтбаева Шолпан Сашкенқызы — еңбек ардагері, Астана қаласы
  • Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы — Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Шу» өндірістік бөлімшесінің инженері
  • Әбенова Күлпаш Қайроллақызы — Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК жұмысқа тартылатын бағалаушысы
  • Әзімқұлова Әділет Срадинқызы — еңбек ардагері, Түркістан облысы
  • Гияги Роза Римовна — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Арыс жол дистанциясының диспетчері, Түркістан облысы
  • Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы — «М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)» КММ мұғалімі, Қызылорда облысы
  • Елеуова Қаракөз Темірбекқызы — еңбек ардагері, Алматы қаласы
  • Земляная Людмила Дмитриевна — «Жер су» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы
  • Кәпенова Гүлмира Амангелдіқызы — «BESTKZ.KST» ЖШС басшысы, Қостанай қаласы
  • Қанапина Гүлнар Бекежанқызы — «Қазақстан Алюминийі» АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы, Павлодар облысы
  • Қараева Бибігүл Атшыбайқызы — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 жалпы білім беретін мектеп» КММ мұғалімі
  • Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы — «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры
  • Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы — «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК директоры, Ақтөбе облысы
  • Одинцова Маргарита Владимировна — Жоғарғы соттың судьясы
  • Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы — «Назарбаев университет» ДББҰ вице-провосты, Астана қаласы
  • Үмбеталина Марал Әбдірашқызы — «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК дәрігері, Шымкент қаласы
  • Хамитова Алмагүл Мәжитқызы — «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы
  • Хорошаш Ғалия Нәсіболлақызы — «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталі» РМК дәрігері

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

  • Қамбарова Баянгүл Қожабергенқызы — «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы «Қ. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүсмет» ӨБ электрмен дәнекерлеушісі
  • Мадимарова Анар Серікбайқызы — «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС шикіқұрамшысы, Жамбыл облысы
  • Нұрғалиева Зинагүл Әбенқызы — «Altyntau Kokshetau» АҚ шикіқұрамшысы, Көкшетау қаласы
  • Санқыбаева Бахытгүл Қуанышбайқызы — «Ақ Жайық-7» ЖШС вагон жөндеу депосының кран машинисі, Атырау қаласы
  • Сәрсенова Ботагөз Ғабитқызы — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ерейментау жол дистанциясының жол шебері

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Арпабаева Бибігүл Төлегенқызы — «Өскемен ЖЭО» ЖШС отын-көлік цехының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы
  • Әбелдинова Надежда Николайқызы — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер жөніндегі офицері
  • Бәкірова Қарлығаш Тастанбекқызы — «№13 қалалық емхана» МКК дәрігері, Астана қаласы
  • Жамалиева Әлима Аманжолқызы — Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі
  • Жолдыбаева Маржан Жолдыбайқызы — «Кажсервис» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының жол жұмысшысы
  • Игбаева Меруерт Асылханқызы — Сыртқы істер министрлігі департамент директорының орынбасары
  • Қожамсейітова Мақпал Қамашқызы — «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі, Алматы қаласы
  • Молдыбаева Гүлшарат Тоқанқызы — «Астана-АЭК» АҚ жедел-диспетчерлік қызметінің операторы
  • Русинова Ольга Владимировна — «Қазтелерадио» АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы
  • Сарымсақова Айна Абылайқызы — Шымкент қаласы № 7 округтік сайлау комиссиясының төрағасы
  • Сәрсембаева Жанаркүл Оразалықызы — «Almaty turmystyq tehnika zavody» ЖШС сапа инспекторы, Алматы облысы
  • Табергенова Айгүл Олжабайқызы — «Дара» қайырымдылық қоры «Ерте қолдау» жобасының жетекшісі, Астана қаласы
  • Тұрсынқанбетова Еркежан Саятқызы — «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ бас директорының орынбасары
  • Шек Наталья Анатольевна — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас маманы, Астана қаласы

«Шапағат» медалімен

  • Әлімбаева Динара Төлегенқызы — «Қарағанды қаласының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ аға мейіргері
  • Әуренова Мәдина Дәулетханқызы — «DEMEY» оңалту және түзету орталығы» ҚБ төрағасы және негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облысы
  • Васина Светлана Станиславовна — «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы
  • Жақыпова Жанар Бексұлтанқызы — «New Decision Group» ғылыми-зерттеу агенттігі» ЖШС басшысы, Алматы қаласы
  • Михеева Елена Валериевна — «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы
  • Орынбаева Алтынай Романқызы — «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ бөлім бастығы
  • Уайысова Гүлмәрия Қажағалиқызы — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің мал дәрігері

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілсін

  • Аханова Бақытжан Омарғалиқызы — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы «Балалар музыка мектебі» КМҚК директоры

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілсін

  • Үкібасова Талшын Мұқадесқызы — «University medical centre» корпоративтік қорының бас консультанты, Астана қаласы

«Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағы берілсін

  • Шелудько Ольга Николаевна — Өнеркәсіп және құрылысы министрлігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК Оңтүстік өңір бойынша филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің сарапшысы

«Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атағы берілсін

  • Ерманова Майра Жұратбекқызы — «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы — «Жезқазғантүстімет» ӨБ № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикаларының флотаторы, Жезқазған қаласы.

Еске сала кетейік, мемлекеттік наградалар жүйесіне 9 жаңа құрметті атақ енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар