Президент Chevron компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент
Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен америкалық Chevron энергетикалық корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы стратегиялық әріптестіктің қазіргі ахуалы мен перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады
Фото: Ақорда

 

Мемлекет басшысы Chevron компаниясымен серіктестік еліміздегі энергетика саласын тұрақты дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Уиртті «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасының табысты аяқталуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады
Фото: Ақорда

Кездесуде ірі инвестициялық жобаларға, соның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісіне ерекше назар аударылды.

— Президент отандық компаниялардың мұнай-газ секторындағы үлесін арттырудың өзектілігін атап өтіп, Chevron компаниясымен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екеніне тоқталды. Майкл Уирт Қазақстан компанияның стратегиялық әрі сенімді серіктесі болып қала беретінін жеткізді. Сондай-ақ «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан 2024 жылға дейін елімізге айтарлықтай инвестиция салғанын айтты, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады
Фото: Ақорда

Осыған дейін Президент бітімгер әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар