Президент Давид Дегтяревті Токиодағы жеңісімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Давид Дегтяревті Токиодағы жеңісімен құттықтады

«Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын7 Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін», деп жазды ҚР Президенті Тwitter-де.


Фото: paralympic.kz