Президент Трампты АҚШ тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады.

Президент Дональд Трампты АҚШ-тың  тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады. 

Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына Президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Беларусь президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.