13:25, 09 Тамыз 2023 | GMT +5
Президент Екібастұз ЖЭО-сын қалпына келтіруді дер кезінде аяқтауды тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз қаласындағы жылумен қамту жүйесін жаңғыртуға Үкімет тарапынан көрсетілген қолдау шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Екібастұз ЖЭО-сын қалпына келтіру жұмысын сапалы орындап, жұмысты дер кезінде аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, бүған дейін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барғанын жазған едік.
Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.