17:02, 07 Мамыр 2025 | GMT +5
Президент Фридрих Мерцті Германияның Федералдық Канцлері болып сайлануымен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық Канцлері болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады. Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтіп, қазақ-герман ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралағанын жазған болатынбыз.