Президент «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жиында бейнеүндеу жасайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
None
None

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.



Соңғы жаңалықтар