Президент Иордания Королін Таққа отырған күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі — Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Президент Корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады.