17:59, 03 Ақпан 2026 | GMT +5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен баратыны хабарланды.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.