19:17, 21 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент бірқатар мемлекет басшысымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және «дөңгелек үстел» форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Нью-Йоркке баратынын хабарлаған едік.