17:20, 16 Қараша 2025 | GMT +5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары мәресіне жетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президентті «Ташкент-Хумо» әуежайынан Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев шығарып салды.




Еске сала кетейік, бұған дейін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер бірқатар құжатқа қол қойғанын жазған едік.