Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады

тоқаев
Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.

Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар