17:38, 10 Тамыз 2025 | GMT +5
Президент Қазақстан кинологтер одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM - Хельсинкиде өткен «World Dog Show 2025» дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтер одағына құттықтау жеделхатын жолдады.
Осыған дейін қазақ тазылары Хельсинкидегі Дүниежүзілік иттер көрмесінде әлемге таныстырылғаны туралы жаздық.
Дүниежүзілік іс-шараға Қазақстан делегациясы қатаң талап бойынша іріктелген әрі халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша үйретілген 8 тазыны апарған. Әлемнің әр түкпірінен келген 25 000 үздік иттің ішінде қазақ тазылары FCI ұйымында тіркелген дербес ит тұқымы ретінде тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылды.