Президент Қазақстан мен Марокко арасындағы құқық мәселесіне қатысты бірқатар заңға қол қойды

АСТАНА.KAZINFORM -  Президент Қазақстан мен Марокко арасындағы құқық мәселесіне қатысты үш келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

токаев подписал
Фото: Ақорда

«Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы»;

«Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы»;

«Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдары. 

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Осыған дейін Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары барысында 13 келісімге қол қойылғаны туралы жаздық. 

 

Соңғы жаңалықтар