Президент қазақстандықтарды елдің 19 миллионыншы тұрғынымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті. Бұл туралы Twitter-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді.

Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», - деп жазды Мемлекет басшысы.



Соңғы жаңалықтар