Президент Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісін тағайындады

АСТАНА. KAZINFORM –  Төлежан Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісін тағайындады
Фото: СІМ/pressmfakz

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетелік Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі лауазымынан босатылған еді

Сондай-ақ бүгін Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдаған еді

 

Соңғы жаңалықтар