Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірге суретке түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Бейжіңдегі Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы алдында Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірге суретке түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірге суретке түсті
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды.

Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысып отыр.