09:04, 19 Қаңтар 2026 | GMT +5
Президент Қызылордада еліміздің келешек даму бағдары туралы ойларын ортаға салады
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлады.
— Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, — деп жазды Руслан Желдібай.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы — Ұлытауда;
2023 жылы — Түркістанда;
2024 жылы — Атырауда;
2025 жылы — Бурабайда өтті.
Осыдан бұрын бүгін Қызылордада Ұлттық құрылтайдың секцияларының отырысы басталатынын жазған едік.
Сонымен қатар бұған дейін Ұлттық құрылтай аясында қандай заңдар қабылданғанына шолу жасадық.