Президент Қонаев қаласының ифрақұрылым құрылысын сынға алды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазды Ақорда.
«Алайда, бір олқылыққа назар аударғым келеді.
Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. «Баяғы жартас – сол жартас», қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде.
Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды. Облыс басшылығы осы өзекті мәселелерге баса назар аударуы қажет», - деді Президент.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілгенін мәлімдеді.