Президент Конституциялық Сот құрамына 10 судья тағайындады
АЙЧИ.KAZINFORM — Мемлекет басышысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотына он судья тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Сәкен Абдолла Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;
- Лейла Сұлтанқызы Жақаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;
- Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;
- Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;
- Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;
- Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;
- Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;
- Сергей Васильевич Скрябин Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;
- Аслан Султанович Тукиев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;
- Сергей Федорович Ударцев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.