Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттайды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.

— Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді. Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Михаил Шайдоров – Олимпиада ойындарының чемпионы атанғанын жазған едік.

Қазақстан Әнұраны араға 32 жыл салып қысқы Олимпиада төрінде тағы шырқалды.

Осылайша Қазақстан жалпы есепте 15-орынға көтерілді.

Осыған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров қазақстандықтарға алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар