Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы туралы идеясы әлемдік қауымдастықта қолдау табуда

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласындағы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы туралы идеясы әлемдік қауымдастықта қолдау табуда.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы туралы идеясы әлемдік қауымдастықта қолдау табуда

Атап айтқанда, өткен жылдың соңында «Синьхуа» ақпараттық агенттігі «Н. Назарбаев: Тұтыну идеологиясы ғаламдық дағдарыстың себебі болып табылады» деген мақаланы жариялады, онда Елбасының Бағдарламалық мақаласындағы сөздері келтірілген. Мысалы: «Тұтынудың бұл идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады».

Президент Н. Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын тұтыну идеологиясына сындарлы балама деп санайтындығы айтылған, өйткені, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық эконо­ми­калық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адам­ның еңбегімен жасалады. Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағ­дайын­дағы шешуші ұлттық фактор ре­тін­де, жаһандық бәсекелестік жағдай­ын­да, - алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс.