Президент Назарбаев Университетiнiң алғашқы түлектерiмен кездеседi

«Университет алдында қойылған мақсаттар толығымен орындалды. Биылғы жыл бiз үшiн ерекше. Сiздер бiлесiздер, 15 маусымда Мемлекет басшысы Астанада Назарбаев Университетiнiң алғашқы түлектерiне арналған салтанатты жиынға қатысады. Осылайша, университет өзiнiң алғашқы жемiстерiн паш етедi», - дедi ол.
Сонымен қатар министр Назарбаев Университетiнiң бюджетi қалай құрылатынын айтып кеттi.
«Бағдарлама әкiмшiсi ҚР БҒМ болып табылады. Бюджет қалыптасады, бекiтiледi және бюджет бойынша есеп университеттiң қамқоршылық кеңесiнде қаралады. Бұл ЖОО-лардың автономиясы болып табылады. Ол ерекше университет болғандықтан, Жоғары қамқоршылық кеңестi Мемлекет Басшысы басқарады. Бiрақ университет қызметi туралы есептi және жылдық қаржылық есептi ҚР Премьер-Министрi басқаратын қамқоршылық кеңесi қарайды», - деп атап өттi министр.