Президент «Нұра» ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді

АСТАНА. KAZINFORM — Аумағы 3,8 гектар болатын нысандағы жұмыстың бірінші кезеңі аяқталған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент «Нұра» ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді
Фото: Ақорда

Мұнда жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған жолдар, сәулеттік қалыптар және жасанды тоғандар бар.

Жасыл бульвар
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына Астана қаласындағы абаттандыру жұмыстары жайында мәлімет берілді.

Президент «Нұра» ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді
Фото: Ақорда

Жеңіс Қасымбек елордада қазір 170 қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама іске асырылып жатқанын айтты. Бұл жұмыстар Ботаникалық бақта, Триатлон паркінде, Ататүрік, Бейбітшілік және келісім, Президент саябақтары мен қаланың негізгі көшелерінде жүргізіліп жатыр.

Президент «Нұра» ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді
Фото: Ақорда

Сонымен қатар «Мыңжылдық» аллеясын абаттандырудың тұжырымдамасы жасалды. Есіл өзенінің жағалауын реконструкциялау шаралары аяқталуға жақын.

Президент «Нұра» ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындарға заманауи әрі қолайлы, экологиялық тұрғыдан таза орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Осыған дейін Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар