Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты Православие шіркеуі, қоғамдық бірлестіктер мен еліміздің жекелеген азаматтарынан құттықтаулар келіп түсті

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты Православие шіркеуі, қоғамдық бірлестіктер мен еліміздің жекелеген азаматтарынан құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты Православие шіркеуі, қоғамдық бірлестіктер мен еліміздің жекелеген азаматтарынан құттықтаулар келіп түсті

Қазақстан Православие шір­кеуі­нің басшысы, Астана және Қа­зақстан Митрополиті Алексан­др­дың хатында былай делінеді: «Ұлт­тық егемендік жылдарында Қа­зақ­стан халқы Сіздің басшылы­ғы­ңыз­бен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында дәй­ек­ті даму жолымен жүрді. Біздің еліміз саяси және әлеуметтік-эко­номикалық табыстармен қатар, дінаралық түсіністік пен келісім, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуге қатысты істерде өзгелерге үлгі болып келеді».

Сондай-ақ құттықтауларды Орал және Гурьев Архиепископы Антоний, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маң­ғыстау және Атырау облыс­та­рын өзіне қосатын Орал Епар­хия­сы­ның рухани сенушілері жолдаған.

Қазақстанның Орыстар, славяндар және казактар ұйымы қау­ым­дастығының төрағасы С.Терещенко өзінің құттықтау хатында былай деп жазады: «Кеңестік империя­ның қирандыларынан тарихи мемлекет құру мүмкіндігі ХХ ғасыр­дың соңында қазақстандықтардың үлесіне тиді. Сандаған ғасырлар бойы біздің ата-бабаларымыз бостан болу үшін Тәуелсіздікті арман­дады. Бірақ бұл 1991 жылдың жел­тоқсанында Сіздің дана саяса­ты­ңыз­дың арқасында мүмкін болды. Тәуелсіздік халықтың басты құн­дылығы, өйткені, ол өзіміздің тағ­ды­рымызды өзіміз айқындауға құ­қық беретін біздің тарихи таң­дауы­мыз болып табылады. «Ортақ ел - ортақ тағдыр» қағидатына негізделген Қазақстан халқының келісімі мен бірлігі Сіздің көреген сая­са­тыңыздың негізгі ұстынына ай­нал­ды. Тәуелсіздік жылдарында Қа­зақ­стан экономикалық даму, аза­маттарымыздың өмір сүру дең­гейін жоғарылату, демократияның берік негіздерін құру бағыт­тарында адам айтқысыз табыс­тарға жетті».

Молекулярлық биология инс­ти­тутының директоры, ҚР ҰҒА академигі Н.Айтхожинаның же­дел­­ха­тын­да былай делінеді: «Сіз­дің ұм­ты­лысыңыз, еңбегіңіз бен біліміңіз Қазақстанға халық­ар­а­лық таны­мал­­дылыққа ие әрі пост­кеңестік ке­ңістіктегі аса табысты мемлекет болуға мүмкіндік берді. Сіздің қоғамды дамытудағы стра­тегиялық басымдықтарды нақты анықтай білетіндігіңіз бен елдің ғылыми-техникалық және инно­ва­циялық әлеуетін жоғары­лату­дағы талмас қамқорлығыңыз қа­зақстандықтар­дың алға қойылған ауқымды міндеттерді жүзеге асыру қызметін белсенді ете түсті».

Соғыс ардагері, КСРО мен ҚР-ның Құрметті жол қызметкері И.Карапыштың хатында былай делінеді: «Сізді Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің еліміз­дің аса құрметті азаматысыз. Сізді еліміздің азаматтары жақсы көреді. Халық Сізге «Елорданың бас ар­хи­текторы» деген құрметті атақ берді».

Өскемендік зейнеткерлер Бақ­ты­гүл Ботантаева Президентті құт­тық­тай келіп, мынаны атап көр­се­теді: «Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығының арқасында біз­дің елімізді бүкіл әлем таныды. Енді Қазақстан - түрлі ұлт өкілдері бейбітшілікте және келісімде тұ­рып жатқан өркендеген, жоғары дамыған ел».

Мемлекет басшысының атына құттықтаулар Орталықазиялық кен-өндірістік одағының мүшелері А.Бейсебаевтан, Б.Ахметғалиевтан, Л.Крупниктен, Президент жанын­дағы ҚСЗИ директоры Б.Сұл­та­новтан, жазушы, М.Шолохов атын­дағы халықаралық сыйлықтың лау­реаты, ҚР-ның еңбек сіңірген қай­раткері С.Досановтан, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі М.Ахмадиевтен, ветеринария ғы­лым­дарының докторы Е.Қанжі­гі­то­вадан, ҚР халық әртісі, композитор Б.Жұманиязовтан, жазушы және эколог Э.Ғаббасовтан, ҚР ҰҒА академигі И.Северскийден, академик С.Сартаевтан, Қызылорда об­лы­сы­ның Сырдария ауданындағы ауыл­дық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Жұмабекұлынан, еңбек ардагері З.Қамшыбаевадан, профессор Е.Тегісбаевтан, Қызылорда облысының Сырдария ауданын­да­ғы Тереңөзек қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Пірімбеттен, Риддер қаласының тұрғыны Х.Естаевадан, Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының Сайрам ауданындағы Қа­рабұлақ ауылының тұрғыны Ш.Досымханқызынан, Оңтүстік Қа­зақ­стан облысының Бәйдібек ауда­нындағы Шаян ауылының тұр­ғын­дары К.Тілегенова мен А.Ізбасаровадан, Алматы облысындағы Үш­тө­бе ауылының тұрғыны О.Бә­рі­­бе­ков­тен, Астана қаласының тұрғы­ны Е.Бейсеновадан, Ақтөбе облы­сын­дағы Қарағаш ауылының тұр­ғыны К.Еркөнековтен, қазақ­стан­­дық мектеп оқушылары У.Әби­хан, Н.Оразбек, Н.Жолдыбай, Е.Такметбек және басқалардан келіп түсті.