22:00, 15 Қараша 2024 | GMT +5
Президент Палестина халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның төл мерекесі — Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді», — делінген хабарламада.