16:14, 05 Қазан 2022 | GMT +5
Президент Павлодар облысының суармалы алқаптарына бөлінетін қаржыны көбейтуді тапсырды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Президент Павлодар облысының суармалы алқаптарына бөлінетін қаржыны көбейтуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы облыс тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.

«Павлодар өңірі үшін Ертістің орасан зор маңызы бар. Бұл өзен – осы өлкенің тұрғындары, кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы үшін негізгі тіршілік көзі. Соңғы үш жылда облыста суармалы жердің көлемі 1,5 есе артты. Алдағы уақытта оны тағы 2 есеге, яғни, 300 мың гектарға дейін ұлғайту қажет. Облыс әкімдігі осы мәселеге баса назар аударуға тиіс.
Үкіметке өңірдің суармалы алқаптарына бөлінетін қаржыны көбейтуді тапсырамын. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан ғана емес, халықты жұмыспен қамту үшін де өте маңызды. Судың тапшылығы экономиканы дамытуға кедергі келтіреді. Сондықтан, Ертістің суын тиімді, үнемді пайдалануға айрықша мән берілуі керек»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: eghtesadonline.com