Президент пен Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды

АЛМАТЫ. KAZINFORM —  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент пен Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты, — делінген хабарламада.

Президент пен Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді.

Бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді.

Соңғы жаңалықтар