Президент Іс басқармасы мен Дүниежүзілік туристік ұйым ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада қазақстандық туризмді дамыту және халықаралық тәжірибемен алмасып, ынтымақтастықты ілгерілету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

туризмді дамытады
Фото: ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасында туризмді дамыту бойынша Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау.

Президент Іс басқармасы ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысына БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) Бас хатшысы Зураб Пололикашвили қатысты.

меморандумға қол қойды
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Мен үшін Қазақстанда, өзінің табиғи сұлулығымен, мәдени әртүрлілігімен және туризмді дамыту үшін шексіз әлеуетімен таң қалдыруды тоқтатпайтын жерде болу үлкен мәртебе. Қазақстанның осы саладағы әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Елдеріңізде бірегей табиғи ресурстары бар. Шексіз дала мен таулардан бастап көлдер мен ежелгі қалаларға дейін, олар әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристерді қызықтырады. Алайда, табиғи әлеует қана емес, мәдени әлеует те маңызды. Қазақстан – өркениеттердің, Шығыс пен Батыс тоғысқан жер. Соңғы жылдары біз Қазақстанда туристік инфрақұрылымның белсенді дамуын байқап отырмыз, бұл сіздердің елдеріңіздің аймақтағы жетекші туристік бағыттардың бірі болу ниетінің маңыздылығын растайды. БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымы туризмді дамыту бағытындағы жоспарды жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын. Біз халықаралық туристер тарапынан Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отырмыз. Біздің міндет – қазақстандық туризм әлеуетін іске асыруға көмектесу», - деді Зураб Пололикашвили жиын барысында.

сөз сөйлеген сәті
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сондай-ақ іс-шараның қорытындысы бойынша Президент Іс басқармасы мен Дүниежүзілік туристік ұйым ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Біздің алдымыздағы маңызды міндет – отандық туризмді тиімді дамыту және халықаралық аренадағы өзгермелі жағдайларға бейімделу. Бізде табысқа жету үшін барлық қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Қазақстанның әлемдік туризм саласы қатарына енуде шешуші рөл атқаратын Дүниежүзілік туристік ұйыммен ынтымақтастығымыз маңызды», - деді ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Рустам Баялиев.

басқосу
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
басқосу
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Одан бөлек, Рустам Баялиев «Бурабай» курорты аумағында туристік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, «Бурабай» курорты соңғы жылдары қазақстандықтар мен шетелдік туристер арасында үлкен сұранысқа ие. Келушілердің саны миллионнан асады.

Соңғы жаңалықтар