Президент Іс басқармасының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM – 25 қазан – Республика күніне орай ҚР Президенті Іс басқармасының қызметкерлеріне бірнеше мемлекеттік награда табысталды.

Президент Іс басқармасының қызметкерлері
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМҚ бас маманы Владимир Волковқа «Парасат» ордені берілді.

Сонымен бірге, Медициналық орталықтың ұлттық госпиталінің мейірбикесі Рахилям Машурова және Медициналық орталық ауруханасының мейірбикесі Татьяна Симухина «Шапағат» медалін алды.

  • «Құрмет» ордені:

Президент Іс басқармасының бөлім меңгерушісі Ербол Адаев; 

Медициналық орталықтың ұлттық госпиталінің бөлімше меңгерушісі Естай Абзалбек;

Медициналық орталық ауруханасының зертхана басшысы Гүлшара Әбілдинова;

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Мәжит Балғабаев;

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені Алматы филиалының директоры Гүлжанат Бұғыбаева; 

Президент Телерадиокешенінің қызмет басшысы Руслан Галиев және «Бурабай-Даму» ЖШС бас директоры Марат Қасқырбаевқа берілді.

Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Мен үшін Президент Жарлығымен осындай марапат алғаным - үлкен мәртебе. Менің Президент Іс басқармасында жұмыс істеп келе жатқаныма 18 жыл болды. Бұл менің еңбегімнің бағаланғаны деп білемін. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын!» - деді «Алматы-Резорт» шипажайының директоры Гүлжанат Бұғыбаева.

  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен:
    Президент Іс басқармасының бөлім меңгерушісі Фархат Асылов;
    Медициналық орталық ауруханасының директоры Рустам Албаев;
    Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы автошаруашылығының жүргізушісі Ақан Әлпейісов;
    Медициналық орталықтың ұлттық госпиталінің дәрігері Людмила Бегалина;
    Медициналық орталық ауруханасының аға дәрігері Игорь Берестюк;
    «Бурабай-Даму» ЖШС бас директорының орынбасары Павел Горбачев;
    Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы инженерлік орталығының сектор меңгерушісі Болат Ермағамбетов;
    Инженерлік-техникалық орталықтың бас бағдарламашы-жобалаушысы Сүндет Жылқыбаев;
    Президент әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының тазалаушысы Гүлжазира Қазанғапова;
    Медициналық орталық ауруханасының жүргізушісі Аман Көкенов;
    Президент әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының директоры Талғат Мүсілімов;
    ҚР Президенттік орталығының жетекші сарапшысы Ләйлә Омарова;
    Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының бас маманы Валентина Петрова;
    Президент Телерадиокешенінің қызмет басшысы Әйгерім Рысқұлова;
    Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман шебері Руслан Садриев;
    Президент әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының орталық басшысы Ғанимед Сахиев;
    ҚР Президенті Іс басқармасы автошаруашылығының слесарі Семсерхан Тоқмолдаев марапатталды.

 

  • ҚР Президентінің Алғысы:
    Президент әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының диспетчерлік қызметінің диспетчері Қозыкөрпеш Амангелдин;
    Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы әкімшілік ғимараттары дирекциясы тігін цехінің меңгерушісі Лариса Шумская;
    «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы Challenger әуе кемесінің командирі Бисекен Молдабаев;
    «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы Challenger әуе кемесінің ұшқыш-нұсқаушысы Денис Сайгутинге берілді.

Ал «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК құжаттамалық қамтамасыз ету секторының бас маманы Жанерке Мұсаева Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

«Мен 15 жылдан бері еңбек етіп келемін. Менің басты міндетім – мемлекеттік тілді дамытуға атсалысу, таралу аумағын кеңейту. Бұл аралықта мемлекеттік тілдің мәртебесі көтерілді, бастапқыда 2-5 пайыз ғана болса, қазіргі уақытта іс-қағаздардың барлығы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазір келіп жатқан қызметкерлердің ана тілін білу деңгейі өте жақсы. Бүгінгі марапаттың орны мен үшін ерекше. Бұл ана тілімізге көрсетілген құрмет», - дейді Ж. Мұсаева.

Сондай-ақ, Президент Іс басқармасының бірқатар қызметкері Президент Іс басқармасының «Құрмет» грамотасымен және «Алғыс» хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.

Соңғы жаңалықтар