Президент Іс Басқармасының көшпенділер ойындарына атсалысқан қызметкерлері марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан Президент Іс Басқармасы және оған бағынысты мекемелердің қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Көшпенділер ойындарына атсалысқан қызметкерлері марапатталды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Біз Мемлекет басшысы қатысатын іс-шараларда үнемі белсенді жұмыс істейміз. Бүгін Президент атынан мемлекеттік награда алдым, бұл мен үшін үлкен құрмет. Көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде өткіздік деп ойлаймын. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде бізге техникалық және байланыспен (интернет) қамту міндеті жүктелді. Әрине, құзырлы органдар және байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істедік. Бұл марапат маған үлкен жауапкершілікті жүктейді», - деді «Ерен еңбегі үшін» медалін алған Президент Іс басқармасы цифрландыру және жобалық басқару бөлімінің меңгерушісі Дәурен Молдахметов. 

Көшпенділер ойындарына атсалысқан қызметкерлері марапатталды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Кеше V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтар марапаттау туралы Президент Жарлығы шыққан еді. 

Көшпенділер ойындарына атсалысқан қызметкерлері марапатталды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды:

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Молдахметов Дәурен Нұрланұлы, Президент Іс басқармасы цифрландыру және жобалық басқару бөлімінің меңгерушісі. 

«Шапағат» медалімен:

Испаев Аят Амангелдіұлы, Президент Іс басқарушысының көмекшісі; 

Оспанова Жұмагүл Тұрарбекқызы, Медициналық орталықтың Санитариялық эпидемиологиялық сараптама орталығының санитариялық дәрігері;

Өсімбеков Азамат Есентайұлы, ВД Строй-инжиниринг жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры; 

Есетов Ғалымжан Темірханұлы, ВД Строй-инжиниринг жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоба жетекшісі. 

Сонымен қатар келесі қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы тапсырылды: 

Мұқашев Марат Жомартбекұлы, Президент Іс басқармасы материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі; 

Исақов Нұрлан Маханбетәлиұлы, Медициналық орталық аураханасының жедел жәрдем дәрігері; 

Зеленый Василий Сергеевич, Медициналық орталық аураханасының жедел жәрдем дәрігері;

Одан бөлек, мемлекеттік резиденциялар дирекциясының 13 қызметкері Құрмет грамотасын алды.

Көшпенділер ойындарына атсалысқан қызметкерлері марапатталды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Көшпенділер ойындарына атсалысқан қызметкерлері марапатталды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Көшпенділер ойындарына атсалысқан қызметкерлері марапатталды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Көшпенділер ойындарына атсалысқан қызметкерлері марапатталды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Соңғы жаңалықтар