Президент Іс басқармасының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға аппарат басшысы Алмас Исаков төраға болды.

Президент Іс басқармасынның ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады
Фото: ҚР Президенті Іс басқармасы

Жиынға Президент Іс басқармасы орталық аппаратының мемлекеттік қызметшілері, ПІБ жүйесіне қарасты ведомстволық ұйымдардың басшылары, кадр қызметтерінің өкілдері қатысты.

Алмас Исаков өз сөзінде еліміздің жүйелі өзгерістер кезеңіне қадам басқанын атап өтіп, бұл үдеріс мемлекетті дамытуда адами капитал мен қоғамның рөлін күшейтуді талап ететінін айтты. Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси-құқықтық негізін жаңғыртуға бағытталған стратегиялық қадам әрі жаңа тарихи дәуір талаптарына сай келетін құжат.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, саяси ғылымдар докторы Нұрбек Пұсырманов, Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Венера Жексембекова, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Әлия Масалимова баяндама жасады.

Президент Іс басқармасынның ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады
Фото: ҚР Президентінің Іс басқармасы

Нұрбек Пұсырманов өз сөзінде Конституция жобасында 145 депутаты бар бір палаталы Парламент – Құрылтайға көшу ұсынылғанын атап өтті. Бұл заң шығару үдерістерін жеделдетіп, халық өкілдерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Спикер сонымен қатар Халық кеңесі атты қоғам мүддесін білдіретін консультативтік орган құру және азаматтармен әрі халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында вице-президент лауазымын енгізу бастамаларына тоқталды.

Венера Жексембекова білім беру саласындағы реформалардың маңыздылығын атап өтіп, барлық деңгейде сапалы білімге қолжетімділікті арттыру, заманауи білім беру технологияларын енгізу және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау білікті мамандар даярлауға және елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға жағдай жасайтынын айтты.

Әлия Масалимова азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Президент Іс басқармасынның ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады
Фото: ҚР Президентінің Іс басқармасы

Оның ішінде жеке тұлғаның қол сұғылмаушылығына берілетін кепілдіктерді күшейту, кінәсіздік презумпциясын сақтау және дербес деректерді қорғау мәселелері қамтылған. Сарапшы саяси модельдің тұжырымдамалық негіздеріне, билік тармқтары өкілеттіктерінің теңгеріміне тоқталып, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту және конституциялық нормаларды іске асырудың институционалдық кепілдіктерін жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, спикерлер Конституция жобасында бекітілген жаңа экологиялық нормаларға назар аударды. Ата заңда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық зиянмен күресу міндеттері айқындалған. Бұл тұрақты даму қағидаттарын және болашақ ұрпаққа деген жауапкершілікті көрсетеді.

Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасына толық қолдау білдіріп, оның елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Президент Іс басқармасынның ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады
Фото: ҚР Президентінің Іс басқармасы

Осыған дейін арнайы жүргізілген сауалнама Қазақстан азаматтарының 78%-дан астамы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын көрсеткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум