Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен ОСК-ға құжаттарын тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған Мейрам Қажыкеннің құжаттары тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сілтеме жасап.

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен ОСК-ға құжаттарын тапсырды
ҚР Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаде өтетін кезектен тыс сайлауына «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы РКБ кандидат ретінде ұсынған Мейрам Қажыкеннің жеке құжаттары ұсынылды», - делінген комиссия хабарламасында.

Ұсынылған құжаттардың арасында «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы РКБ жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; М. Қажыкеннің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; ҚР Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері бар.

Еске салсақ, кеше кезектен тыс президент сайлауына «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы ұсынылғанын хабарлаған болатынбыз.


Фото: aiu.kz