Президент сайлауында электронды дауыс беру жүйесі қолданылмайтын болды

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде 2011 жылдың 3 сәуірінде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауда «Сайлау» автоматтандырылған сайлау жүйесі қоданылмайды.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда электронды дауыс беру жүйесінің тиімділігін дауыс берушілердің барлығы мойындайды деу қиын. «Бұрын өткен сайлау науқандарында сайлаушылардың басым көпшілігі дәстүрлі қағаз бюллетенімен дауыс берді. 2004 жылы электронды дауыс беру жүйесін сайлауға қатысқан сайлаушылардың 7,2 пайызы, 2005 жылы 5,8 пайызы, 2007 жылы 2,2 пайызы ғана пайдаланған. Кейбір халықаралық сарапшылардың, қазақстандық саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен байқаушылардың «Сайлау» жүйесіне сақтықпен қарайтыны да бізге белгілі. «Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес, электронды сайлау жүйесін пайдалану тәртібін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. Сондықтан және осы айтылғандарды ескере отырып, бізде алдағы сайлауда бұл жүйені пайдаланбаймыз деген пікір бар»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар