Президент ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент
Фото: Ақорда

Бүгін «Инбингуань» мемлекеттік резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді.

Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды
Фото: Ақорда
Президент Казахстана прибыл в Тяньцзинь для участия в саммите ШОС
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары қазақ-қытай жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасын талқылайды.

Президент Казахстана прибыл в Тяньцзинь для участия в саммите ШОС
Фото: Ақорда
Президент Казахстана прибыл в Тяньцзинь для участия в саммите ШОС
Фото: Ақорда

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

Сонымен қатар Қытайдың ең ірі басылымы China Daily Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан мен Қытайдың берік әрі сенімді қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастықтың кепілі» атты мақаласын жариялады. Kazinform осы материалдың бейресми аудармасын оқырмандар назарына ұсынады.

Соңғы жаңалықтар