Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Президент шет елдердің дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Президент шет елдердің дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті. Қазіргі таңда елімізде 70 Елшілік және 30 халықаралық ұйым өкілдігі жұмыс істейді» деп жазылған хабарламада.