Президент тапсырмасы: Алматыда 109,2 шақырым жаңа жарықтандыру желісі пайда болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда бұрын жарықтандырылмаған 339 учаскеде жаңа жарық желілері салынады. 

Президент тапсырмасы: Алматыда 109,2 шақырым жаңа жарықтандыру желісі пайда болады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда сыртқы жарықтандыру сапасын арттыру мақсатында 84 жарықсыз учаскеде 16 км жаңа желі құрылысы басталды. 2025 жылы 25 сәуірде 255 учаскеде 93,2 км жарық желілерін салуға байқау жарияланды.

Алматы әкімдігінен атап өткендей, бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығындағы Президентке берген есебінде айтылған.

Қаладағы 7 магистральды көшеде 19,6 км жарық желісі жаңартылып, 400 жаңа шам орнатылды. Сонымен қатар 1,1 мың шам ауыстырылды. Осылайша, олардың қуаты екі есеге артты.

— Сондай-ақ жарықтандыру сапасын арттыру үшін жаңартуды қажет ететін 1 100 басқару шкафының 320-сы жаңартылды. Биыл бұл көрсеткіш 70%-ға жетпек. Бұл жүйенің сенімділігі мен жеделдігін едәуір арттырады, — делінген есепте.

2025 жылдың басынан бастап Республика алаңындағы екі ғимарат пен ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде сәулеттік жарық орнатылды. 2024 жылы мұндай жарықтандыру 25 нысанда жүзеге асырылған.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берген болатын

Сондай-ақ Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізетіні туралы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар