Президент Томас Прамотедхамды «Достық» орденімен марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Томас Прамотедхамды Smart City жобасын жүзеге асыруға және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
- Марапат елдер арасындағы серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамытуға қосқан еңбегі үшін табысталды, - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Dubai World Trade Center басшылығымен цифрлық экономиканы дамыту мәселесін талқылады.