Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Президент Үкіметке елді дамытудың жаңа жол картасын әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада 2012 жылдың қорытындылары мен «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру міндеттері мәселелеріне арналған кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовке былтырғы жылғыға ұқсас ел дамуының жаңа жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Президент Үкіметке елді дамытудың жаңа жол картасын әзірлеуді тапсырды

Сөз арасында Мемлекет басшысы: «баршаңызға жаңаша жұмыс істеу керек, сондықтан да біздің бағыт - экономиканың жаңа бағыты деп аталады. Сондай-ақ, тек елді индустрияландыру жұмысы ғана мемлекетіміздің озық отыз елдің қатарына кіруін қамтамасыз етеді»,- деп атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы атқарушы биліктің алдағы басты міндеттеріне тоқтала келе, халықты жұмыспен қамту және экономикадағы тұрақты өсімді қамтамасыз ету Қазақстан Үкіметінің басты мақсаты екенін айтты.

«Үкімет пен әкімдердің барлық жұмысында нақты екі мәселе қамтылуы міндетті, бұлар жұмыспен қамтамасыз ету және былтырғыға қарағанда экономикалық өсімді қамту. Әр өңірдегі, әр облыс пен аудандағы басты мәселе осы. Жалпы барлық мемлекеттік органдардың әрекеттерінде осы міндет ұштасатын болсын», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.