Президент Үкіметке инвесторлармен бірге шағын және орта бизнестің өңдеу кәсіпорындарын қолдаудың тетігін даярлауды тапсырды

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкіметке инвесторлармен бірге ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнестің өңдеу кәсіпорындарын қолдаудың айқын тетігін даярлауды тапсырамын.
None
None

Бұл туралы бүгін  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің жиырма екінші пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Дайын өнімдерді шикізаттан және жартылай фабрикаттардан өндіру негізінен ірі компаниялар қызметінен тыс шығып отыратынын түсінеміз. Олар шағын бизнес саласына жатқызылады. Бұл сіздердің негізгі жұмыстарыңыз емес және оны біз түсініп отырмыз. Осыған байланысты мен Үкіметке инвесторлармен бірге ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнестің өңдеу кәсіпорындарын қолдаудың айқын тетігін даярлауды тапсырамын. Оларды тиісті келісімдермен бекітіп, орындалу барысын қатаң бақылау керек. Атқарылған жұмыстар нәтижесінің есебін бірінші жартыжылдықтың ішінде маған ұсыну қажет», - деді Президент,

Елбасы мысал ретінде «Қазақмыс» корпорациясында іске асырылған жұмыстарға тоқталды.

«Қазақмыс» ең таза мысты өндіреді. Олар өздерінің айналасында  шағын кәсіпорындарды құра бастады. Компания бұл шағын кәсіпорындарды несиелендіріп, өздерінің шикізатын береді. Ал осы кәсіпорындар шикізаттан қажетті бұымдарды, яғни түрлі кабельдерді, халық тұтыну өнімдерін шығарады», - деді Елбасы.

 

Осыған байланысты Мемлекет басшысы басқа да компаниялар осындай шараларды жүзеге асырулары керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар